07.01.2025, 12:54
Жаңалықтар
Ұлытау облысында далада қалып қойған көлік жүргізушілеріне көмек көрсетілді
Үш адам Қаражал қаласынан Жаңаарқа ауылына қарай жолға шыққан
Фото: depositphotos.com
Ұлытау облысында айдалада қалып қойған көлікке құтқарушылар көмек көрсетті. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Кеше күндіз үш адам Қаражал қаласынан Жаңаарқа ауылына қарай жолға шыққан. Алайда, жолда көлік жанармайы таусылып, далада тоқтап қалған. Жағдайдың қиындығына байланысты олар 112 нөміріне хабарласып, құтқарушылардан көмек сұраған», — деп жазылған хабарламада.
Құтқарушылар көліктің орналасқан жерін геодеректер арқылы анықтап, оқиға орнына шұғыл жетті. Олар көлікке жанармай құйып, жүргізушілер мен жолаушыларды Қаражал қаласына дейін алып барды.
Көп оқылған
27.09.2026, 13:00
Каспийдегі әскери оқу-жаттығу кезіндегі оқиғадан аман қалған әскери қызметшілер марапатталды
27.09.2026, 07:33
27 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болады?
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
27.09.2026, 08:24
Қазақстандық жеңіл атлет Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды
27.09.2026, 06:08
Азия ойындарының жетінші күнінде Қазақстан бес қола медаль жеңіп алды