07.01.2025, 16:28
Жаңалықтар
Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақ: министрлік мәлімдеме жасады
Алдағы күндері Астанаға әуе оқиғасын тергеу жөніндегі комиссия мүшелері келеді
Фото: ТЖМ
Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшаққа қатысты қара жәшіктердің деректері бойынша Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Министрлік мәліметінше, алдағы күндері Астанаға әуе оқиғасын тергеу жөніндегі комиссия мүшелері келіп, Бразилияда талданған қара жәшіктердің деректерін ұсынады.
«Комиссия мүшелері келгеннен кейін қара жәшіктердің деректерін зерделеуге дереу кіріседі», – делінген хабарламада.
Бұған дейін Бразилияда AZAL әуе компаниясының Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшағының қара жәшіктері деректерін талдау жұмыстары аяқталғанын хабарлаған едік.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді