$ 527.23  544.05  5.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қытайда жер сілкінісінен 53 адам қаза тапты. Тоқаев көңіл айтты

Тағы 62 адам жарақат алған

Қытайда жер сілкінісінен 53 адам қаза тапты. Тоқаев көңіл айтты
Фото: Xinhua

Қытайдың Тибет автономиялық ауданында болған жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 53 адамға жетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Xinhua-ға сілтеме жасап.

Жергілікті уақытпен 7 қаңтар күні түске дейінгі мәлімет бойынша, 53 адам қаза тауып, тағы 62 адам жарақат алған.

«Магнитудасы 6,8 болған жер сілкінісі таңғы сағат 9:05-те Дингри уезінде тіркелген. Жер асты дүмпулері Қытайдың батыс бөлігіндегі Юйшу провинциясына да әсер етіп, айтарлықтай шығын келтірді. Жер сілкінісі аймақтағы ғимараттарды қатты зақымдады. Жергілікті биліктің мәліметінше, Юйшу провинциясында ғимараттардың шамамен 85%-ы толықтай қираған», — деп жазады басылым.

Құтқарушылар оқиға орнында іздестіру және құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр. Билік зардап шеккендерге көмек көрсету үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатқанын мәлімдеді.

Тоқеав Қытай Халық Республикасының төрағасына көңіл айтты

Ақорда мемлекет басшысының Қытай Халық Республикасының төрағасына көңіл айту жеделхатын жолдағанын хабарлады.

«Жеделхатта Сицзан автономиялық ауданының Шигацзе қаласында болған жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны және зардап шеккені туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді. Сонымен қатар Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және өзінің атынан ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин мен жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ достас қытай халқына көңіл айтып, апатта жараланғандардың тез арада сауығып, отбасыларына оралуына тілектестік білдірді», — делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары