$ 527.23  544.05  5.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қасиетті Мекке мен Мәдина қалалары су астында қалды

Су тасқыны жауын-шашыннан кейін пайда болды 

Қасиетті Мекке мен Мәдина қалалары су астында қалды
Фото: Legion-Media

Сауд Арабиясының қасиетті Мекке және Мәдина қалаларындағы қатты жауын-шашын су тасқынын туғызып, үлкен апатқа айналды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Dailymail-ға сілтеме жасап.

«Метеорологиялық басқарма Мекке, Мәдина және Джидда қалалары үшін «қызыл» деңгейлі қауіп жариялады. Әлеуметтік желілерде таралған бейнематериалдардан қалалардың көшелері өзенге айналғанын көруге болады. Көптеген көлік су астында қалып, күшті ағындар көліктерді ағызып әкетіп жатты», — деп жазады басылым.

Кейбір көліктер мен туристік автобустар жолдың ортасына тасталған. Үлкен су ағындары әдетте құрғақ болатын тасты аймақтар арқылы төменге түсіп, жолындағы ағаштарды, қалдықтарды, тіпті инфрақұрылым нысандарын шайып кеткен.

«Бұл аймақта жауын-шашын қыс мезгілінде жиі болады. Дегенмен, Мекке мен басқа қалалардағы канализация жүйелерінің әлсіздігі мұндай жағдайларға дайындықтың жеткіліксіз екенін көрсетті. Сауд Арабиясының кейбір аймақтарында сәулетшілер ХХ ғасырдың соңында аймақтың тез дамуына байланысты нөсер жаңбырдың жиілеуін болжай алмады», — деп жазылған материалда.

Айта кетейік, мұндай су тасқыны Сауд Арабиясында алғаш рет болып тұрған жоқ. 2009 жылы Джиддада болған су тасқыны 100-ден астам адамның өмірін қиған.

Серіктес жаңалықтары