$ 527.3  544.86  4.95
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда әйел туған әпкесін өлтіріп, денесін бөлшектеп тастаған

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды

Алматыда әйел туған әпкесін өлтіріп, денесін бөлшектеп тастаған
Фото: depositphotos.com

Алматыда әйел туған әпкесін өлтіріп, денесін бөлшектеп тастаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Криминальный Казахстан»» басылымының мәліметінше, 2 қаңтар күні «Green Recycle» ЖШС қоқыс өңдеу кәсіпорны аумағынан 68 жастағы әйелдің бөлшектенген денесі табылды. Қалдықтар полиэтилен пакетке салынған, дененің басы мен аяқтары жоқ болған.

Алматы қаласы полиция департаментінің мәліметінше, қылмысқа күдікті ретінде 67 жастағы әйел ұсталып, қамауға алынды.

«Ұзақ уақыт бойы қалыптасқан келіспеушілік негізінде күдікті өз әпкесін қатігездікпен өлтірген. Қазіргі уақытта адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталып жатыр», – деп хабарлады полиция өкілдері.

Алдын ала мәліметтер бойынша, қайғылы оқиға 30 желтоқсанда Алматының 7-ықшам ауданы аумағындағы пәтерде болған. Күдікті әпкесіне балтамен ауыр соққы жасап, денесін бөлшектеген. Содан кейін дене қалдықтарын қоқыс контейнеріне тастаған.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмысқа қатысты тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Серіктес жаңалықтары