04.01.2025, 12:19
Жаңалықтар
Павлодарда бесінші қабаттан құлаған әйелдің жағдайы ауыр
Әйел өз пәтерінің терезесінен құлаған
Фото: Павлодар облысының ТЖД
Павлодарда әйел бесінші қабаттан құлап, ауыр жарақат алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға бес қабатты тұрғын үйде болған. Әйел өз пәтерінің терезесінен құлап, үйге жапсарлас салынған ғимараттың төбесіне түскен.
«Құтқарушылар альпинистік құрал-жабдықтарды пайдалана отырып, зардап шеккен әйелді төменге түсіріп, жедел жәрдем бригадасына тапсырды», – деп мәлімдеді Павлодар облысының ТЖД өкілдері.
Дәрігерлер әйелдің жағдайын ауыр деп бағалап отыр.
Көп оқылған
26.10.2026, 06:16
Алматыда екі аптаға жуық іздестірілген 42 жастағы ер адам өлі табылды
26.10.2026, 14:00
СІМ: Түркияда қазақстандық бойжеткен биіктен құлап қаза тапты
27.10.2026, 13:01
Атырауда «қайын жұртын қырып тастаған» жігітті өмір бойына соттаған атақты судья марапатталды (ВИДЕО)
26.10.2026, 17:02
Жезқазғанда екі мас жүргізуші жолда жарыс ұйымдастырған (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды