$ 540.87  632.01  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ауа райына байланысты алты облыста жол қозғалысы шектелді

ТЖМ азаматтарды алыс жолға шықпауға шақырды

Ауа райына байланысты алты облыста жол қозғалысы шектелді
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy

Қазақстанның алты облысында ауа райының нашарлауына байланысты 11 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2025 жылдың 3 қаңтарындағы сағат 15:30-дағы жағдай бойынша, ауа райының нашарлауына байланысты алты облыста 11 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді», — делінген хабарламада.

Министрлік мәліметінше, «Астана – Петропавл» (18-232 км, Астана – Щучинск) тасжолында қозғалыс сағат 14:10-да, ал «Щучинск – Зеренді» (0-77 км) жолында сағат 15:30-да шектелді. Жолдардың болжамды ашылу уақыты — сағат 20:00.

Апат болған «Астана – Щучинск» тасжолында ТЖМ құтқарушылары жұмыс істеп жатыр.Оқиға орнына барлығы 16 техника мен 48 құтқарушы жұмылдырылды. Сонымен қатар жүргізушілерді эвакуациялау үшін жылыту пункттері ұйымдастырылды.

Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды ауа райы өзгерістері туралы ескертулерге назар аударып, алыс жолға шықпауға шақырады.

Серіктес жаңалықтары