31.12.2024, 16:57
Жаңалықтар
Жаңа жыл түні тәртіп сақшылары күшейтілген режимде жұмыс істейді
ІІМ мәлімдеме жасады
Фото: istokphoto.com
Полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері Жаңа жыл мерекесі қарсаңында күшейтілген режимде жұмыс істейтін болды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Ішкі істер министрі қызметкерлерге қоғамдық тәртіпті қорғау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар берді.
«Полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері өздеріне жүктелген міндеттерді абыроймен атқарып келеді. Осы мереке күндері біздің азаматтар отбасымен және жақындарымен демалады. Сондықтан сіздер қоғамдық қауіпсіздікті жоғары деңгейде қамтамасыз етіп, «заң мен тәртіп» қағидатын жүзеге асыруға тиіссіздер», – деп атап өтті министр Ержан Саденов.
Көп оқылған
05.10.2026, 14:39
Ресейде оба таралды ма? Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі шұғыл үндеу жасады
05.10.2026, 09:58
«Сүрленген ет сатамын»: Астанада дәмді ет жегісі келген 31 адам 1,7 млн теңгесінен қағылды
05.10.2026, 15:58
Алаяқтар қазақстандықтарға тоғыз ай ішінде 187 миллион рет қоңырау шалған – Сәденов Тоқаевқа есеп берді