$ 526.11  542.31  4.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астана тұрғыны Қазақстан мен Ресейден 10 жыл бойы зейнетақы алып отырған

Оның екі азаматтығы бар екені анықталды

Астана тұрғыны Қазақстан мен Ресейден 10 жыл бойы зейнетақы алып отырған
Фото: depositphotos.com

Қазақстан мен Ресей елдерінен қос азаматтығы бар Астана тұрғыны 10 жыл бойы екі мемлекеттен бір мезгілде зейнетақы алып отырған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Прокуратура мәліметінше, 1992 жылғы 13 наурыздағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер азаматтарының зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы құқықтарының кепілдіктері туралы келісімге сәйкес, қатысушы мемлекеттер шегінде зейнеткер қоныс аударған кезде, егер сол түрдегі зейнетақы зейнеткердің жаңа тұрғылықты жері бойынша мемлекеттің заңнамасында көзделсе, бұрынғы тұрғылықты жері бойынша зейнетақы төлеу тоқтатылады.

Осылайша, зейнетақы төлемдерін келісімге қатысушы екі мемлекетте бір мезгілде тағайындау мүмкін емес.

«Қала прокуратурасының ден қою актісі бойынша сотпен зейнетақы төлемдерін алушыдан 8,9 млн теңге мөлшерінде заңсыз алынған зейнетақы төлемдері өндірілді», - делінген Астана прокуратурасы таратқан хабарламада.

Серіктес жаңалықтары