$ 526.11  542.31  4.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Павлодар облысында ерекше балаларға қайырымдылық шыршасы өтті

Іс-шараға 100-ден астам адам қатысты

Павлодар облысында ерекше балаларға қайырымдылық шыршасы өтті
Фото: «AMANAT» партиясының бапсасөз қызметі

Павлодар облысындағы «Шаңырақ» концерт залында облыстық мәслихаттың депутаты, «AMANAT» партиясының мүшесі Гнел Акопянның ұйымдастыруымен жаңа жылдық қайырымдылық шыршасы өтті. Мереке ерекше қажеттіліктері бар балаларға, сондай-ақ көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған санаттағы отбасыларға арналды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі «AMANAT» партиясының бапсасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Іс-шара 100-ден астам қатысушының басын қосып, нағыз қуаныш, үміт пен жылулық мерекесіне айналды.

«Бұл шырша бір ғана мақсатпен ұйымдастырылды – балаларымызға қуаныш сыйлап, келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтау. Біз оларға бар жақсылықты тілейміз. Біз бұл дәстүрді жыл сайын жалғастырып, ерекше күтімді қажет ететін отбасыларға қолдау көрсетеміз. «AMANAT» партиясы әрдайым азаматтарымыздың қасында болып, осындай шараларды қолдайды», - дейді іс-шараны ұйымдастырушы, облыстық мәслихат депутаты Гнел Акопян.

Іс-шараға қатысқан Қожахметовтер отбасы да өз әсерін былайша жеткізді.

«Бұл – мен үшін және ұлдарым үшін үлкен қуаныш. Бұл мерекеге бір апта бойы дайындалдық.  Ұйымдастырушылар бұл күнді ерекше ету үшін барын салды. Сыйлықтарыңызға және балаларымызға көңіл бөлгендеріңізге алғысым шексіз. Бұл біз үшін өте маңызды», - деп атап өтті Ислам мен Нұрисламның анасы.

Балалар мерекелік жиынды тамашалап, жаңа жылдық қойылымды тамашалап, сыйлықтар алды.  Іс-шараның демеушісі Гнел Акопян да әрбір отбасыға қаржылай көмек көрсетілуіне көз жеткізді.  Бұл қаражат мерекелік дастархан әзірлеуге және қосымша сыйлықтар алуға арналған.

Іс-шара «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында өтіп, «AMANAT» партиясының бастамасымен жыл сайынғы дәстүрге айналды. Партия өкілдері мұндай шаралар тек қуаныш сыйлап қана қоймай, қарым-қатынасқа, қолдауға, бірігуге мүмкіндік беретінін баса айтты.

«Біз үшін әрбір баланың өзін бақытты сезінуі және әрбір отбасының қараусыз қалмайтынын білуі маңызды. Осындай шаралардың көп болуы үшін жұмысты ары қарай да жалғастырамыз», - деді партияның облыстық филиалының атқарушы хатшысының м.а. Айнұр Мұхамедьярова.

Серіктес жаңалықтары