$ 524.75  540.6  5.12
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«5 млн теңге берешегі бар»: Түркістан облысында 4 жыл бойы алимент төлемеген ер адам 1 жылға сотталды

Тағы 65 млн теңге қарызы бар 20 борышкерге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде

«5 млн теңге берешегі бар»: Түркістан облысында 4 жыл бойы алимент төлемеген ер адам 1 жылға сотталды
Фото: depositphotos.com

Түркістан облысында прокурорлық қадағалау актісімен алимент төлеуден қасақана жалтарған борышкерлер қылмыстық жауаптылыққа тартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Түркістан облысы прокуратурасының бастамасымен 21 азаматқа қатысты балаларын күтіп-бағуға арналған міндеттемелерін орындамағаны үшін (ҚК 139-бабы) қылмыстық істер тіркелді. Мәселен, соңғы 4 жыл бойы борышкер Ж.Эргашев алимент бойынша міндеттерін орындамай, алимент төлеуден қасақана жалтарып 5 млн қарыз берешек сомасы қалыптасқан. Соттың үкімімен Ж.Эргашев ҚК 139-бабымен кінәлі деп танылып, оған 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды», - делінген облыстық прокуратура хабарламасында.

Осы секілді 65 млн теңге алимент берешек қарызы қалыптасқан 20 борышкерге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Қазіргі уақытта Түркістан облысының аумағында алимент төлеуге міндетті шамамен 19 мың борышкер бар.

Аталған бағыттағы жұмыс облыс прокуратурасының тұрақты бақылауында.

Серіктес жаңалықтары