Алматы-Өскемен тас жолының Жетісу облысындағы екі учаскесінде жол жабылды
Жолды бүгін сағат 09.00-де ашу жоспарланған
Алматы-Өскемен тас жолының Жетісу облысындағы екі учаскесінде ауа райына байланысты жол жабылды. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«2024 жылғы 31 желтоқсан сағат 03:30-да Жетісу облысында ауа райының бұзылуына байланысты Алматы-Өскемен тас жолының 480-564 шақырымындағы «Көлбай кенті - Үшарал қаласы учаскесі автокөліктердің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, бүгін сағат 04:30-да Жетісу облысында Алматы-Өскемен тас жолының 410-480 шақырымындағы Сарқант қаласы-Көлбай ауылы учаскесінде де автокөліктердің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды.
Жолды 2024 жылғы 31 желтоқсан сағат 09:00-де ашу жоспарланған.