$ 526.11  542.31  4.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қостанайда бөтелкелесін ұрып өлтірген: күдікті Ресейден экстрадицияланды

Қылмыстық іс 2021 жылдың наурыз айында болған

Қостанайда бөтелкелесін ұрып өлтірген: күдікті Ресейден экстрадицияланды
Фото: Видеодан скриншот

Қостанай облысында ішімдік ішіп отырып, танысын ұрып өлтірді деген күдікті Қазақстан азаматы Ресей Федерациясынан экстрадициялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бас прокуратура мәліметінше, ол 2021 жылдың наурыз айында ауыр қылмыс жасаған. Нақтырақ айтқанда, күдікті Қостанай қаласындағы танысының пәтерінде алкогольдік ішімдік ішіп отырып, сөзге келіп қалып, соңы адам өлімімен аяқталды. Ол пәтер иесінің, яғни танысының басы мен денесіне көптеген соққы жасап, салдарынан жәбірленуші сол жерде қайтыс болды.

«Осыдан кейін күдікті құтылғысы келіп, қашып кеткен, сол себепті оны халықаралық іздеуге берген. Күдікті іздеуде жүргенде Ресей аумағында да қылмыстық іске қатысы бар болып шықты. Ол қарақшылық шабуыл жасап, сол үшін Ресей сотымен сотталған.

Көрші мемлекетте жазасын өтегеннен кейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша отанына экстрадицияланып, қазіргі уақытта тергеу изоляторына қамалды.

Жәбірленушінің өліміне әкеп соқтырған ауыр дене жарақатын келтіргені үшін ол 8 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары