29.12.2024, 15:47
Жаңалықтар
Данияр Елеусіновтың келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды
Оның жекпе-жегі Астанада өтпек
Фото: instagram.com/yeleussinovdaniyar
Қазақ боксшысы Данияр Елеусінов (12-0, 7 КО) келесі жекпе-жегін 2024 жылдың 28 ақпанында Астанада өткізеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Sports.kz-ке сілтеме жасап.
«Ресми: Данияр Елеусінов 28 ақпанда Астанада рингке оралады», – деп жариялады All Stars Boxing промоутерлік компаниясы Instagram парақшасында.
Данияр Елеусінов – 2016 жылғы Олимпиада чемпионы және жартылай орта салмақтағы IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы болған. Боксшы соңғы кездесуін 2024 жылдың қыркүйегінде Алматы қаласында өткізді. Ол филиппиндік қарсыласы Джо Нойнамен (23-4-2, 11 КО) кездесу өткізіп, бесінші раундтан кейін қарсыласы жекпе-жекті жалғастырудан бас тартқан болатын.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты
11.11.2026, 20:33
Семейде бес күннен бері іздестірілген ер адамның мәйіті табылды