«Демалыстан оралып, небәрі бір апта ғана жұмыс істеді»: Ақтаудағы әуе апатында қаза тапқан ұшқыштың анасы ұлы туралы айтты
Александр Кальянинов тек бір жыл жұмыс істеп үлгерді
Ақтау маңында болған әуе апаты салдарынан қаза тапқан ұшқыш Александр Калянинов бала кезінен ұшқыш болуды армандап, өмірін аспанмен байланыстыруды көздеген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
2021 жылы Александр Украинаның Мемлекеттік Ұшу академиясында авиациялық көлік мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған.
Қайғылы жағдайдан кейін Александрдың анасы журналистерге сұхбат беріп, ұлының өмірі мен арман-мақсаттары туралы айтты.
«Маған хабарлама жіберіп, рейске қойғанын айтты. Әрдайым қашан, қайда ұшатынын хабарлап отыратын. Ұшып келгенде де, қонғанын, үйге жеткенін жазатын. "Анам, уайымдамаңыз, бәрі жақсы" деп айтатын. Ол тек бір жыл жұмыс істеп үлгерді. Бірінші еңблек демалысына шығып, маған Францияға барғысы келетінін айтты. Демалыстан оралып, небәрі бір апта ғана жұмыс істеді», – деді ұшқыштың анасы.
Александрдың қысқа, бірақ жарқын өмірі оның мамандығына деген сүйіспеншілігі мен адалдығының жарқын үлгісі болды.