Қазақстандық әуе компания Ресейге ұшатын рейстерін тоқтатып тастады
Компанияның мәліметінше, мұндайға қадамға баруға мәжбүр болған
QAZAQ AIR әуекомпаниясы осы жылдың 28 желтоқсанынан 2025 жылдың 27 қаңтарына дейін Астана-Екатеринбург бағыты бойынша әуе рейстерін орындауды уақытша тоқтатты, деп хабарлайды Azattyq Ryhy.
Компанияның мәліметінше, мұндайға қадамға баруға мәжбүр болған.
«Ресейге ұшу тәуекелдерін үнемі бағалау нәтижелерінің негізінде жолаушылар мен экипаж мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында рейстер тоқтатылды. Әуе компания қазіргі уақытта QAZAQ AIR тәуекелдерін бағалау шарттарына сәйкес келетін Омбы мен Новосібірге рейстерді орындауды жалғастырады. Екатеринбургке әуе рейстерін қайта ашу – тәуекелдерді қайта бағалау қорытындылары бойынша жүзеге асырылатын болады.
Тоқтатылған рейстердің жолаушыларына әуебилеттерінің толық құнын қайтару қамтамасыз етіледі және әуекомпанияның баламалы рейстеріне тегін қайта брондау ұсынылады», - делінген компания хабарламасында.