$ 518.37  609.97  6.6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Президент АЭС құрылысы бойынша қай елдермен келіссөздер жүргізіп жатыр

Тоқаев Сәтқалиевке атом электр стансасының құрылысын жеделдетуді тапсырды

Президент АЭС құрылысы бойынша қай елдермен келіссөздер жүргізіп жатыр
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

6 қазан күні АЭС құрылысына қатысты өткен жалпыұлттық референдумда халық өз ықтиярын білдіріп, таңдау жасады. 5 561 937 азамат немесе дауыс берушілердің 71,12 пайызы АЭС салуды қолдады. Бұл туралы ҚР президентінің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Берік Уәли «Егемен Қазақстан» басылымына жариялаған мақаласында қозғап өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Президент АЭС құрылысына байланысты «Бұл Тәуелсіз Қазақстанның бүкіл тарихындағы ең ірі жобаға айналады. Атом электр стансасын салу – ұзақмерзімді жоба. Аталған бастама еліміздің орнықты дамуын онжылдықтарға ілгерілетеді, сондай-ақ инженерлер шоғыры мен әртүрлі бейіндегі мамандар легін даярлауға жағдай жасайды. Демек оның пайдасын қазіргі жастарымыз бен болашақ ұрпақ көреді», деп атап өткен болатын.

Референдумнан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Республикасына мемлекеттік сапары аясында осы елдің президенті Эмманюэль Макронмен және Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Ресей президенті Владимир Путинмен АЭС құрылысы туралы пікір алмасты. Қазіргі уақытта Қытай тарапымен осы бағытта келіссөздер жүргізіліп жатыр. Яғни бірнеше жылға созылатын мегажобаны жүзеге асыру атом өнеркәсібінде мол тәжірибесі бар ірі компаниялардан құралған халықаралық консорциумға жүк­теледі.

Жуырда мемлекет басшысы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдап, елімізде салынатын атом электр стансасының құрылысын жеделдетуді тапсырды.

Серіктес жаңалықтары