$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Таза Қазақстан»: елімізде экологиялық акция аясында қандай шаруалар жүзеге асты

Жыл бойы жүргізілген акцияға 2,4 миллионға жуық адам қатысты

«Таза Қазақстан»: елімізде экологиялық акция аясында қандай шаруалар жүзеге асты
Фото: Жамбыл облысының әкімдігі

Президенттің бастамасымен сәуір айында жалпыұлттық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталды. Көктемгі су тасқынымен арпалысып, дағдарған шақ болса да, президент өңір әкімдеріне босаңсымай, айналаны тазалау, абаттандыру ісіне дереу кірісуге пәрмен берді. Бұл туралы ҚР президентінің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Берік Уәли «Егемен Қазақстан» басылымына жариялаған мақаласында атап өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл жалпыұлттық сипат алатын тұрақты үдеріске айналуға тиіс екенін қатаң ескертті. Түпкі мақсат – қоғамда экологиялық мәдениет қалыптастыру.

Жыл бойы жүргізілген акцияға 2,4 миллионға жуық адам қатысты. Жүздеген мың аула мен аумақ тазартылып, 900 мың тоннадан аса қоқыс шығарылды. Шамамен 2,5 миллион көшет отырғызылды. 20 мыңнан аса әлеуметтік нысанның аумағы, 4,6 мыңнан аса қоғамдық орындар, саябақтар, шағын бақтар абаттандырылды. 5 мыңнан аса тарихи-мәдени нысан және 758 субұрқақ ретке келтірілді. Өзендер мен көлдердің және басқа да су айдындарының айналасындағы 5,8 миллион шаршы метрден аса аумақ, 8,4 миллион метр­ден аса арық тазартылды.

Серіктес жаңалықтары