26.12.2024, 00:14
Жаңалықтар
Ақтаудағы ұшақ апаты: қаза тапқан Қазақстан азаматтарының тізімі жарияланды
Ұшақ бортында 6 Қазақстан азаматы болған
Фото: t.me/qr_tjm
Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақ бортында 6 Қазақстан азаматы болған. Өкінішке қарай, олардың бәрі қаза тапты. ҚР ТЖМ қаза тапқан қазақстандықтар туралы ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ұшақ апаты кезінде қайтыс болған Қазақстан Республикасы азаматтарының тізімі:
- Төлесінов Сәндібек Екібайұлы, 16.11.1988 ж.т., туылған жері: Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласының тұрғыны.
- Жұмағұлов Бауыржан Жұмабайұлы, 30.09.1985 ж.т., туылған жері: Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласының тұрғыны.
- Махсудова Галина Растамбековна, 12.01.1978 ж.т., туылған жері: Маңғыстау облысы, Ақтау қаласының тұрғыны.
- Шаймерденова Гаухар Жұмағатқызы, 17.07.1975 ж.т., туылған жері: Алматы қ., Астана қаласының тұрғыны.
- Жұмағат Эльдар 23.08.2013 ж.т., Астана қ. тұрғыны.
- Джутаева Салима Аманжолқызы, 21.02.1995 ж.т., туылған жері: Қостанай облысы, Қарағанды қаласының тұрғыны.
Айта кетейік, 25 желтоқсанда Әзірбайжанның әуе компаниясына тиесілі жолаушылар ұшағы апатқа ұшыраған болатын. Бакуден Грозныйға бағыт алған ұшақ бортында 67 адам болған. Оның 62-сі – жолаушы, 5-еуі – экипаж мүшелері. Соңғы деректер бойынша, 38 адам қаза тапты. Олардың ішінде 6 Қазақстан азаматы бар.
Көп оқылған
13.05.2026, 16:50
«Үшкір затпен қорқытады»: «Қапланбек» бекетінде адамдардың зәресін ұшырған ер адам ұсталды (ВИДЕО)
13.05.2026, 15:03
«Екі жыл бойы жалған ақпарат таратып келеді»: Айтбек Амангелді Бишімбаевтың қарындасымен соттасты (ВИДЕО)
13.05.2026, 11:37
«Қанға боялған денесін жасырып қойған»: Қызылордада жатақханадан студенттің мәйіті табылды (ВИДЕО)
13.05.2026, 15:14
Мемлекеттік награда жүйесі бір ізге түседі - Аймағамбетов Қазақстандағы медальдардың саны неге азайғанын түсіндірді
13.05.2026, 14:40
«ПАЗ» автобусына 129 баланы салып берген»: Ұлытауда мектеп директоры ақыл-есі кем туысын жүргізуші ретінде жұмысқа алған
13.05.2026, 10:44
Құралайдың салқыны: алдағы күндері Қазақстанда 6 градус үсік болады