$ 527.23  544.05  5.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Абай облысында шыршаны жағу рәсімінде кішкентай қыз адасып қалған (ВИДЕО)

Полицейлер қыздың анасымен аман-есен қауышуына себепкер болды

Абай облысында шыршаны жағу рәсімінде кішкентай қыз адасып қалған (ВИДЕО)
Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Абай облысында шыршаны жағу рәсімінде кішкентай қыз адасып қалған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ҚР ІІМ мәліметінше, Абай облысының полицейлері жоғалған баланы анасына қайтарып берді.

«Қала орталығындағы алаңда жаңа жылдық шыршаны жағу салтанаты өтті. Осы шара барысында кішкентай қыз көпшіліктің ішінде анасынан көз жазып қалды. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп жүрген полицейлер жылдам әрекет етіп, қызды тыныштандырып, оны сахнада өнер көрсеткен әртістердің автобусына отырғызды», - делінген ІІМ хабарламасында.

Осы уақытта қыздың анасы алаңда баласын уайымдап іздеп жүрген. Полицейлер алаңда алаңдаған әйелді байқап, оны автобусқа дейін ертіп апарды. Сол жерде анасы мен қызы қайта қауышты.

Серіктес жаңалықтары