$ 527.23  544.05  5.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақта астаналық нотариус пен оның ұлы болған

Ұшақтағы Қазақстан азаматтарының қаза тапқаны белгілі болды

Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақта астаналық нотариус пен оның ұлы болған
Фото: 2gis.kz

Қазнетте Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақ жолаушыларының арасында Астана тұрғыны мен оның ұлы бар деген ақпарат тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Желідегі ақпаратқа сүйенсек, ұшақта  Шаймерденова Гауһар Жұмағатқызы мен оның ұлы Эльдар Жұмағат болған.

Гауһар Шаймерденова – астаналық нотариус. 2gis қосымшасында Шаймерденова Г.Ж. деп тіркелген нотариустың мекенжайында қолданушылар «Иманды болсын» деп пікір қалдырған. 

Ал Instagram-дағы kokshe_city_03 аккаунтындағы жарияланған ақпарат астында желі қолданушыларының бірі нотариустың іс-шарада болып, рейске кешігіп қалғанын жазған.

Айта кетейік, Ақтаудағы ұшақ апатына қатысты ұйымдастырылған брифингте Қазақстан азаматтарының түгелдей қаза тапқаны белгілі болды. Ұшақ бортында Қазақстанның 6 азаматы болған.

Серіктес жаңалықтары