21.05.2020, 21:50
Жаңалықтар
Онлайн олимпиадаға 150 мыңнан астам оқушы қатысты
Жеңімпаздар 25 мамырға дейін жарияланады
Бірінші Республикалық пәндік онлайн олимпиадаға 150 мыңнан астам оқушы қатысты, деп хабарлайды Білім және ғылым министрлігі.
«Онлайн олимпиада 9-11 сынып оқушылары арасында тегін өткізілді. Оларға математика, физика, химия биология, география, информатика, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы және Адам. Қоғам. Құқық пәндерін қамтитын көпдеңгейлі әр пән 50 сұрақтан тұратын тест тапсырмаларын орындау ұсынылды»,- делінген хабарламада.
Олимпиаданың ережесіне сәйкес қатысушылардың 25% І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталатын болады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлердің дипломдары электронды форматта daryn.kz сайтында 25 мамырға дейін жарияланады.
Көп оқылған
20.08.2026, 10:49
19 жыл бойы жатқан: Алматы тауларындағы мұздықтан табылған альпинистің кім екені анықталды
20.08.2026, 16:18
«4,5 млн теңгені қарызға беріп, кейін сотпен қорқытты»: Ұлдана Мырзуанның анасы күйеу баласы туралы сұмдық жайды әшкере етті
20.08.2026, 12:07
«Әзіл деп ойладым, анам хабарласқан соң ғана сендім»: Ұлдана Мырзуанның экс-күйеуі сотта сөз сөйледі
20.08.2026, 12:22
«4 млн теңгесін ата-анасына қайтардық»: Әділет Зейнел әкімдіктен 20 млн теңге алғанын айтты