ШұғылЕлімізде бір тәулікте 400 адам коронавирус жұқтырған

«Журналистер Covid-19 жұқтырды»: «Қазмедиа орталығында» карантин енгізілді

«Еуразия» телеарнасы эпидемияға қарсы режимге ауысты

Нұр-Сұлтанда «Қазмедиа орталығы» ғимаратында карантиндік шаралар енгізілді, деп хабарлайды әкімдік.

«18-20 мамыр аралығында «Қазмедиа орталығы» ғимаратындағы (Қонаев, 4) телеарнаның 200-ге жуық қызметкері Covid-19 тексерілді. «Еуразия» арнасының 2 қызметкерінен коронавирус анықталды. Олар стационарда. Телеарнаның жұмысы эпидемияға қарсы режимге ауыстырылды. Арна басшылығы қызметкерлерді барынша қашықтан жұмыс істеу режиміне көшіру қажет», -делінген хабарламада.

Сонымен қоса 22 мамыи мен 7 маусым аралығында «Қазмедиа орталығы» ғимаратында қатаң шектеу шаралары, кіріп-шығуға шектеулер енгізілді.

«Барлық санитарлық нормаларды қатаң сақтау қажет. Медициналық масқа киіп, қолды антисептикпен өңдеу, адамдармен арақашықтықты сақтау маңызды. Дезинфекциялық құралдарды қолдана отырып үйде ылғалды тазалау жұмыстарын жүргізу керек»,- деп хабарлайды әкімдік.

Сұхбат
Екінші дүниежүзілік соғысқа қазақ даласынан 1,3 млн жауынгер аттанған
Англия, Түркия, АҚШ елдеріндегі қазақтар жағдайды баяндады
Америкада маскасыз жүргендерге 1 мың доллар айыппұл салынады