$ 515.89  536.32  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«3,5 мың азамат қатерлі ісік скринингінен өте алмай отыр»: Аймағамбетов маңызды мәселе көтерді

Ол қазір түзетулер әзірленіп жатқанын айтты

«3,5 мың азамат қатерлі ісік скринингінен өте алмай отыр»: Аймағамбетов маңызды мәселе көтерді
Фотоколлаж: Әбілқасым Есентаев/Azattyq Ruhy

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» фракциясының мүшесі Асхат Аймағамбетов МӘМС-ке төлем салмағандар обыр бойынша скринингтен өте алмай жүргенін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«3,5 миллион азаматымыз онкологияны ерте анықтайтын скринингтен өте алмай отыр, себебі олар МӘМС-ке жарна төлемейді. Бұл – бүгінгі күннің шындығы. Бірақ қатерлі ісік – ұзақ уақыт бойы еш белгі бермейтін қауіпті ауру. Ал алғашқы белгілері пайда болғанда, көп жағдайда тым кеш болып жатады: метастаздар, ауырсыну, жоғалған өмірлер.

Бұл тек статистика емес – бұл мыңдаған отбасының трагедиясына айналуы мүмкін. Бұл – біздің достарымыз, көршілеріміз, туыстарымыз», - дейді Асхат Аймағамбетов.

Ол сөзін жалғай отырып, осы мәселені шешу жолында қандай шаруалар атқарылып жатқанын қозғап өтті.

«Бұл мәселені шешу үшін бір жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп келеміз. Жақында барлық азамат үшін, оның ішінде МӘМС-ке жарна төлемегендер үшін де, онкологиялық скринингті қолжетімді етуді қарастыратын түзету енгіздік. Иә, бұл қосымша қаржы талап етеді, бірақ бұл көптеген адамның өмірін құтқарады.

Адамгершілік тұрғысынан бұл — дұрыс шешім. Ал экономикалық тұрғыдан бұл — прагматикалық қадам. Себебі қатерлі ісікті ерте кезеңде анықтау мемлекетке кеш анықталған жағдайларды емдеуге жұмсалатын шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.

Денсаулық сақтау министрінің біздің осы бастамамызға белсенді түрде қолдау көрсетіп жатқаны қуантады. Үкімет те өз қорытындысын беріп , бұл бастамамызды қолдады. Келесі жылы бұл заңды қабылдап, мыңдаған адамның өмірін құтқара аламыз деп жоспарлап отырмыз. Бұл жай ғана сандар емес. Бұл – біздің азаматтарымыздың өмірі», - деп сөзін аяқтады Асхат Аймағамбетов.

Серіктес жаңалықтары