22.12.2024, 22:57
Жаңалықтар
Қонаев қаласында мұз үстінде ойнап жүрген екі бала құтқарылды (ВИДЕО)
ТЖМ ата-аналарды балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады
Бейнеден кадр
Қонаев қаласында мұз үстінде ойнап жүрген екі бала құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖМ мәліметінше, бүгін Қонаев қаласы «Голубой залив» демалыс аймағында ТЖМ жедел-құтқару жасағының құтқарушылары профилактикалық жұмыстар жүргізу кезінде ересектердің қарауынсыз мұз үстінде ойнап жүрген екі баланы тауып, жағаға жеткізді.
«Балалар зардап шеккен жоқ, оларды ата-аналарына тапсырды», - делінген хабарламада.
ТЖМ ата-аналарды мұқият болуға, балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді