22.12.2024, 14:17
Жаңалықтар
Түркияда тікұшақ аурухана ғимаратына соғылды: қаза тапқандар бар
Кейінірек тікұшақ аурухананың ауласында құлап түскен
Фото: TRT Haber
Түркияның Мугла қаласында медициналық тікұшақ жергілікті аурухананың ғимаратына соғылып, апатқа ұшырады. Бұл TRT Haber жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
«Тікұшақ Мугла қаласындағы Сыткы Кочман атындағы ғылыми-зерттеу госпиталінің ғимаратына соғылған. Кейінірек тікұшақ аурухананың ауласында құлап түскен. Төтенше жағдайлар қызметі апат орнында жұмыс істеп жатыр», — деп жазылған хабарламада.
Тікұшақ Түркия Денсаулық сақтау министрлігіне тиесілі болғаны анықталды. Апат салдарынан екі ұшқыш, бір дәрігер және медициналық қызметкер қаза тапты.
Қазіргі уақытта апаттың себептері анықталып жатыр. Төтенше жағдайлар қызметі оқиға орнын тексеруді жалғастырып, апаттың барлық мән-жайын зерттейді.
Көп оқылған
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
30.09.2026, 18:00
«Мен шаршадым...»: Тараздағы мұғалім ұстаздарға психологиялық көмек беретін виртуалды көмекші ойлап тапқан
30.09.2026, 21:19
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды