Трамп Панама каналын АҚШ бақылауына қайтаруды ұсынды
Ол кемелерден алынатын төлемдер «мүлде ақылға қонымсыз» деді
АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп Панама каналын АҚШ-тың меншігіне қайтару мәселесін көтерді. Бұл туралы саясаткер әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Трам Панама тарапынан канал арқылы өтетін кемелерден алынатын төлемдер «мүлде ақылға қонымсыз» және бұл жағдайды тоқтату қажет деді.
«Бұл елді толықтай тонау. Бұл әрекет дереу тоқтатылуы керек», — деп жазды ол.
Сондай-ақ, Трамп Панама каналының АҚШ-тың экономикалық тұрақтылығы мен ұлттық қауіпсіздігі үшін маңызды екенін атап өтті. Ол каналды Қытайдың белсенді қолданатынына алаңдаушылық білдіріп, бұл жағдайды 1977 жылы АҚШ пен Панама арасындағы келісім-шарт талаптарына қайшы деп санады.
Трамп Панама каналының бастапқыда тек Панама тарапынан басқарылуы керек болғанын еске салды. Ол 1977 жылы президент Джимми Картердің бұл стратегиялық нысанды бір доллар үшін Панамаға бергенін «үлкен қателік» деп атады.
«Бастапқы келісім шарттары сақталмаса, АҚШ бұл каналды өз бақылауына қайтаруды талап ете алады», — деп мәлімдеді Трамп.
Айта кету керек, Панама каналы — Тынық мұхит пен Атлант мұхитын байланыстыратын стратегиялық маңызы бар су жолы. Ол 1914 жылы АҚШ-тың бақылауында ашылды және 1977 жылы қол қойылған келісім бойынша 1999 жылы Панамаға берілген. Қазіргі таңда каналдың басқарылуы мен пайдалануы әлемдік сауда үшін аса маңызды.