21.12.2024, 16:59
Жаңалықтар
Алматы – Өскемен тас жолында полицей қаза тапты
Toyota көлігі патрульдік полиция инспекторына соғылған
Фото: Azattyq Rýhy/Әсет Құндақбаев
Алматы – Өскемен тас жолының 42-шақырымында патрульдік полиция қызметкері жол-көлік оқиғасы салдарынан қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
20 желтоқсан күні Toyota Camry көлігінің жүргізушісі көктайғақта рөлге ие бола алмай, патрульдік полиция инспекторына соғылған. Кейін көлік қызметтік Hyundai Elantra көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан полицей оқиға орнында көз жұмды.
«Облыстық департамент қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан әріптесіміздің отбасына қайғыра көңіл айтады», – деп мәлімдеді полиция департаменті.
Көп оқылған
10.10.2026, 08:29
«Куәгер болған»: Ақмола облысында дәрігер өз-өзіне қол жұмсады
10.10.2026, 15:12
Түркияда 15 жасқа дейінгі балалар енді әлеуметтік желі пайдалана алмайды
10.10.2026, 10:08
Қазақстанның жеті қаласында ауа сапасы нашарлайды
10.10.2026, 10:31
Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасына 7 миллион адам қатысты
10.10.2026, 07:39
Үсік жүріп, тұман түседі: 10 қазанға арналған ауа райы болжамы