$ 510.58  571.8  6.34
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтөбе облысында 50-ден астам шетел азаматы құтқарылды

Олар мінген автобус бұзылып қалған

Ақтөбе облысында 50-ден астам шетел азаматы құтқарылды
Фото: ТЖМ

Ақтөбе облысында төтенше жағдай қызметінің мамандары істен шыққан автобустан 52 шетел азаматын эвакуациялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрліктің мәліметінше, автобус Самара – Шымкент тас жолының бойында, Ырғыз ауданы аумағында бұзылып қалған.

«Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары техникалық ақауға ұшыраған автобустың жолаушыларын жақын маңдағы Ырғыз ауылындағы жылыну пунктіне жеткізді. Эвакуацияланғандардың саны – 52 адам, оның ішінде 1 бала бар. Жолаушылардың көпшілігі – Өзбекстан Республикасының азаматтары және алтауы – Тәжікстан Республикасының азаматтары. Қазіргі уақытта эвакуацияланғандар басқа автобусқа отырғызылып, сапарын жалғастырды», – делінген министрлік хабарламасында.

Оқиға барысында ешкім зардап шеккен жоқ.

Серіктес жаңалықтары