$ 537.34  623.05  6.65
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтауда ер адам есірткімен ұсталды

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды

Ақтауда ер адам есірткімен ұсталды
Фото: Алия Шарипова

Оқиға 17 желтоқсанда 9-шағынаудандағы №2 үйдің бірінші кіреберісінде болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға орнына полиция келіп, пәтерлердің бірінде ұзақ уақыт бойы қажетті шараларды жүргізді. Кейін тұрғын үйге мөр басылды. 

Көршілердің айтуынша, оқиға есірткіге байланысты болған. 

Маңғыстау облыстық полиция департаменті бұл ақпаратты растады. 

«Ер адам ұсталып, одан есірткі заттары табылып, тәркіленді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды», – деп хабарлады департамент. 

Күдіктіге 80 АЕК-ке дейінгі айыппұл салу, сол мөлшерде түзету жұмыстарына тарту, 80 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 20 тәулікке дейін қамауға алу жазасы қарастырылған. 

Серіктес жаңалықтары