$ 503.15  543.3  5.93
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қызылордада кәмелетке толмаған жасөспірім жол-көлік оқиғасын жасап, оқиға орнынан қашып кеткен

Оның заңды өкілі – анасына 25 844 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды

Қызылордада кәмелетке толмаған жасөспірім жол-көлік оқиғасын жасап, оқиға орнынан қашып кеткен
Фото: depositphotos.com

Қызылорда қаласында жүргізуші куәлігінсіз кәмелетке толмаған жасөспірім «Астана-2» шағын ауданында көлік басқару кезінде рөлге ие бола алмай, автокөлікпен соқтығысып, оқиға орнынан жасырынған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Kyzylorda-news.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 611-бабының 3-бөлігіне сәйкес, жол-көлік оқиғасына қатысушы жүргізушінің оқиға орнынан кетуі, егер ол көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған немесе басқару құқығы жоқ болса, 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе 30 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады. 

Азаматтың кінәсі оның мойындау көрсетпелерінің, жол-көлік оқиғасының сызбасы мен әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттаманың негізінде дәлелденген. 

Кәмелетке толмаған бала ҚР ӘҚБтК-нің 611-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Жасөспірімнің табыс көзі болмауына байланысты, оның заңды өкілі – анасына 25 844 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Серіктес жаңалықтары