АҚШ-тың аймақтық соты Виктор Храпунов пен оның ұлына қатысты шешім шығарды
Алматының экс-әкімі мен оның ұлы енді сотқа дәлелдемелер келтіре алмайды
Нью-Йорктың оңтүстік округі бойынша АҚШ аймақтық соты Ильяс пен Виктор Храпуновтарға қарсы шешім шығарды деп хабарлайды ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі.
Бұған дейін Алматы әкімдігі мен БТА Банкі әкелі-балалыдан аталған банкке қатысты белгілі бір ақпараттарды ашықтауды талап еткен болатын. Алайда, Ильяс Храпунов электронды хаттарды байқаусызда жоғалтып алғанын айтып, ақталмақ болған. АҚШ соты Храпуновтардың жалған сөйлеген, айғақ заттарды қасақана жойып жіберген деген шешімге келіп, оларға жаза тағайындады.
Ең алдымен Ильяс пен Виктор Храпуновтар Алматы әкімдігі мен БТА Банкі жалдаған заңгерлердің шығынын толық төлеуі тиіс. Сондай-ақ, Храпуновтар бұдан былай сотқа ешқандай дәлелдемелер ұсына алмайды, алқа билерге Ильястың дәлелдемелерді әдейі жойғандығы және жойылған дәлелдемелер мәлімделген талап-арыздарды қолдайтын еді деген нұсқауын беріледі деп қаулы етті.
Бұған дейін, сот Мұхтар Аблязовқа да қатысты алқа билерге дәл осындай нұсқау берілетіндігі туралы қаулы еткен еді.
Одан бөлек, Алматы қаласы әкімдігі мен БТА Банкінің Феликс Сатерге қарсы қатар жүріп жатқан сот процесінде де сот талапкерлердің пайдасына шешім қабылдады. Жауап алу барысында Сатер Храпуновтар мен Аблязовтің Алматы қаласында тыңшылары бар екендігі және оның қауіпсіздігіне қауіп-қатер төнуі мүмкіндігі туралы мәлімдеді. Сот өзінің шешімінде Аблязовтың 2018 жылы Қазақстанда БТА Банктің бұрыңғы бысшысын өлтіргені және басқа да қылмыстар үшін сотталғандығын ескере отырып, Сатердің қорқынышы сенуге тұрарлық екендігін атап өтті.