Алматыда коронавирус жұқтырған 57 адам тіркелді
Қала бойынша коронавирусты жұқтырғандар саны 1966 адамға жетті
Алматы қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған 57 адам тіркелді, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК.
ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша 57 адамда COVID-19 вирусы анықталды.
«Тіркелген жағдайлардың ішінен 42 адам вирусты жұқтырған адамдармен байланыста болғаны үшін профилактикалық тексеруден өту кезінде анықталған, 15 адамнан скрининг нәтижесінде анықталды», - делінген хабарламада.
Барлығы қаланың жұқпалы аурулар стационарларына жатқызылды. Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, бекітілген хаттамаға сәйкес ем алып жатыр.
Ошақтарда дезинфекциялық шаралар жүргізіліп жатыр.
Бүгінгі таңда қалада коронавирусты жұқтырған 1966 адам тіркелді, оның 1092-сі сауығып шықты.