Талғарда тағы да төбелес: полиция екі адамды қамауға алды
Жанжал туысқандар арасында болған
Талғарда ер адамдар арасындағы жанжалда пышақ ұстаған адам жұртты шошытты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазір төбелеске қатысушылар қолға түсті.
«Талғар ауданының полицейлері видеожазбаға түсірілген оқиғаға қатысушыларды жедел анықтап, заң аясында қажетті шараларды қабылдады. Ауданның 37 және 31 жастағы тұрғындарын жауапқа тарту үшін полицияға жеткізілді», - деп хабарлады Алматы облысы ПД.
Белгілі болғандай, жанжал туысқандар арасында болған. Дау әйел адамның туыстары – ағасы мен күйеуі арасындағы дау болған.
Қазіргі уақытта қақтығысқа қатысушылардың бір-біріне деген арыздары жоқ, жағдай реттелген.
Айта кетейік, Талғарда 4 қазан күні Талғар қаласында төбелес болып, 16 жастағы Шерзат Полат кісі қолынан қаза тапты. Көп ұзамай марқұмның отбасы тұратын үй өртеніп кетті. Құқық қорғау органдары бөтеннің мүлкін қасақана өртеу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
Бастапқыда бұл іске байланысты жеті адам қамауға алынды. Кейін 15 қазанда күдіктілер саны онға жетсе, 17 қазанда тағы бір күдікті қамауға алынған еді.