17.12.2024, 10:07
Жаңалықтар
Әке-шешесін, бауырларын бір мезетте атып өлтірген жасөспірім қолға түсті
Ол полицияға кісі өлімі туралы өзі хабар берген
Фото: istockphoto.com
АҚШ-тың Нью-Мексико штатында полиция төрт туысын өлтірді деген күдікке ілінген 16 жастағы жасөспірімді қолға түсірді. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Nbcnews.com басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Жеткіншектің өзі таңғы уақытта жедел жәрдем шақырып, Белен қаласының маңындағы үйіндегі қайғылы жағдай туралы хабарлаған.
Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері жас жігіттің мас болғанын анықтады.
Ол құқық қорғау органдарына еш қарсылықсыз берілді. Үйді тексеру және тінту кезінде қару, сонымен қатар 42, 35, 16 және 14 жастағы екі ересек адам мен екі жасөспірімнің мәйіті табылды.
Жасөспірімге төрт кісі өлтірді деген айып тағылды, енді бұл әрекеті үшін заң алдында жауап береді.
Көп оқылған
25.10.2026, 08:54
Көкшетауда 93 жастағы ер адам мен 89 жастағы әйел құтқарылды (ВИДЕО)
25.10.2026, 06:37
Каспий теңізінен бір адамның денесі табылды
25.10.2026, 09:00
Егемендікке жол ашқан тарихи қадам: Республика күні мерекесінің ел өміріндегі маңызы қандай
25.10.2026, 15:10
26 қазан күні ауа райы қандай болады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды