16.12.2024, 18:20
Жаңалықтар
Қазақстан құрамасы ауыр атлетикадан әлем чемпионатында үздік үштікке кірді
Жарысқа 76 елдің атлеттері қатысты
2024 жылдың 6-15 желтоқсан аралығында Бахрейннің Манама қаласында ауыр атлетикадан ерлер мен әйелдер арасындағы әлем чемпионаты өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қазақстан құрамасы 76 елдің арасынан жалпыкомандалық есепте үшінші орынды иеленді», — деп жазылған федерацияның хабарламасында.
Қазақстандық спортшылардың нәтижелері:
Ерлер, А тобы:
- Александр Уваров (81 кг): қос сайыстың жалпы сомасы – 351 кг (160+191), 5 орын;
- Алексей Чуркин (81 кг): Қос сайыс сомасы – 368 кг (2 орын);
- Нұрғиса Әділетұлы (96 кг): Қос сайыс сомасы – 388 кг (1 орын);
- Артем Антропов (102 кг): Қос сайыс сомасы – 400 кг (1 орын).
Ерлер, B тобы:
- Денис Полубояринов (89 кг): қос сайыс сомасы – 370 кг (165+205), 1 орын;
- Денис Уланов (89 кг): қос сайыс сомасы – 351 кг (158+193), 2 орын;
- Кирилл Староверкин (96 кг): қос сайыс сомасы – 352 кг (160+192), 9 орын.
Әйелдер, А тобы:
- Айша Омарова (76 кг): қос сайыс сомасы – 232 кг (102+130), 5 орын;
- Любовь Ковальчук (87 кг): қос сайыс сомасы – 263 кг (113+150), 6 орын.
Әйелдер, B тобы:
- Карина Горичева (64 кг): қос сайыс сомасы – 208 кг (95+113), 8 орын;
- Арай Нұрлыбекова (71 кг) :қос сайыс сомасы – 217 кг (97+120), 5 орын;
- Аянат Жұмағали (76 кг): қос сайыс сомасы – 220 кг (95+125), 4 орын.
Серіктес жаңалықтары
Көп оқылған
18.12.2024, 07:20
Атырауда 14 мәрте мал ұрлаған барымташы ұсталды