16.12.2024, 17:49
Жаңалықтар
Қостанай облысында автокөлік қозғалысы шектелді
Жол жағдайы туралы 1403 байланыс орталығынан ақпарат алуға болады
Фото: © istockphoto.com
Қостанай облысында ауа райының нашарлауына байланысты автокөлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясына сілтеме жасап.
«2024 жылдың 16 желтоқсанында сағат 17:00-де «Қостанай-Аманкелді-Сұрған» автожолының 108-232 шақырым аралығында (Аманкелді елді мекенінен Ақмола облысының шекарасына дейін) жүк және қоғамдық көліктер үшін қозғалыс шектелді», — делінген хабарламада.
Жол қозғалысы 2024 жылдың 17 желтоқсанында сағат 08:00-де қалпына келтіріледі деп жоспарланған.
Жол жағдайы туралы кез келген уақытта 1403 байланыс орталығына хабарласып ақпарат алуға болады.
Көп оқылған
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
30.09.2026, 18:00
«Мен шаршадым...»: Тараздағы мұғалім ұстаздарға психологиялық көмек беретін виртуалды көмекші ойлап тапқан
30.09.2026, 21:19
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды