15.12.2024, 10:41
Жаңалықтар
Жетісу облысында қар құрсауында қалған алты адам құтқарылды
Төтенше жағдайлар министрлігі сақтық шараларын ұстану керек екенін ескертеді
Фото: depositphotos.com
Жетісу облысы Алакөл ауданында Көктұма станциясының маңында жолаушылар мінген жеңіл автокөлік қар құрсауында қалып қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Оқиға орнына жеткен ТЖМ жедел-құтқару жасағының қызметкерлері арнайы көлік көмегімен алты адамды Ақши ауылына эвакуациялады. Құтқарылған жолаушылар медициналық көмекке мұқтаж болмады», — делінген хабарламада.
Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарға ауа райы жағдайын ескеріп, жолға шықпас бұрын сақтық шараларын ұстану қажет екенін ескертеді. Жол қозғалысына енгізілген шектеулер туралы ақпаратты ТЖМ ресми сайтындағы «Шұғыл ақпарат» бөлімінен білуге болады.
Көп оқылған
20.08.2026, 10:49
19 жыл бойы жатқан: Алматы тауларындағы мұздықтан табылған альпинистің кім екені анықталды
20.08.2026, 16:18
«4,5 млн теңгені қарызға беріп, кейін сотпен қорқытты»: Ұлдана Мырзуанның анасы күйеу баласы туралы сұмдық жайды әшкере етті
20.08.2026, 12:07
«Әзіл деп ойладым, анам хабарласқан соң ғана сендім»: Ұлдана Мырзуанның экс-күйеуі сотта сөз сөйледі
20.08.2026, 12:22
«4 млн теңгесін ата-анасына қайтардық»: Әділет Зейнел әкімдіктен 20 млн теңге алғанын айтты