$ 522.49  547.88  5.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

LRT құрылысы: Астанада Қабанбай батыр даңғылының бір бөлігі уақытша жабылады

Жол қозғалысы 30 желтоқсанға дейінгі шектеледі

LRT құрылысы: Астанада Қабанбай батыр даңғылының бір бөлігі уақытша жабылады
Фото: «City Transportation Systems» ЖШС

Астанада Қабанбай батыр даңғылының бір бөлігі 30 желтоқсанға дейін жабылады. Бұл туралы мәліметті City Transportation System (CTS) компаниясы жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

«Жолдың уақытша жабылуы LRT желісінің 105-станциясындағы шпунттық қоршауларды бұзу жұмыстарына байланысты енгізілмек. Жол қозғалысы 14 желтоқсаннан 30 желтоқсанға дейін шектеледі», — делінген хабарламада.

CTS компаниясы мәлімдегендей, Қабанбай батыр даңғылының «Астана Жұлдызы» аялдамасынан бастап Хусейн бен Талал көшесіне қарай 100 метрлік жол бөлігі ішінара жабылады. Бұл көліктердің бір жолағына қатысты болады.

«Қала билігі мен CTS компаниясы тұрғындардан уақытша шектеулерге түсіністікпен қарауды және жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауды сұрайды», — деді компания өкілдері.

Серіктес жаңалықтары