14.12.2024, 15:08
Жаңалықтар
Демалыс күндері ауа райы күрт өзгереді — Қазгидромет
Ауа райына солтүстік және оңтүстік циклондар әсер етеді
Фото: © istockphoto.com
Қазақстанда алдағы күндері ауа райы күрт өзгереді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, ел аумағында ауа райына солтүстік және оңтүстік циклондар әсер етеді.
«14-15 желтоқсан күндері жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауып, кей жерлерде қатты жауын-шашын болуы мүмкін. Ал 16 желтоқсан күні шығыс және оңтүстік-шығыста қарлы боран соғып, қатты қар жауады деп күтіліп отыр», — делінген хабарламада.
Ел аумағында көктайғақ, тұман, желдің күшеюі және боран болуы ықтимал.
Температура қаншалықты төмендейді?
- Солтүстік-батыста түнде температура -10…-18 градус аязға дейін төмендейді.
- Солтүстік пен орталықта -15…-25 градус аяз күтіледі.
- Оңтүстік және оңтүстік-шығыста температура -10…-17 градус, ал таулы аймақтарда -20…-27 градус аязға дейін жетеді.
«Қазгидромет» азаматтарды сақтық шараларын күшейтуге және ауа райы болжамын мұқият қадағалауға шақырады. Ауа райының өзгеруі қозғалысқа және күнделікті өмірге әсер етуі мүмкін.
Көп оқылған
06.11.2026, 15:30
«Қарызым 150 млн еді»: 1 млрд теңгеден аса ақша жинаған Бадықованың жаңа күйеуі сырын жайып салды (ВИДЕО)
06.11.2026, 15:34
Немересін танымайды, қазір ішкен тамағын қазір ұмытады: Астанада деменция белгілері бар қарттарға арналған балабақша ашылды
06.11.2026, 12:43
Ақтөбеде ер адамның экс-әйелін өлтіріп кеткені туралы ақпарат тарады
06.11.2026, 10:59
«Адам сенгісіз оқиға»: Алматының дәрігерлері 8-қабаттан құлаған 13 жастағы бозбаланы аман алып қалған
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды