14.12.2024, 04:00
Жаңалықтар
Өскеменде жылы аялдамада тұрған қыз баланың үстіне әйнек құлап кетті
Жәбірленуші ауруханаға жеткізілді
Фото: Azattyq Rýhy/Әсет Құндақбаев
Өскеменде жылы аялдамада тұрған қыз баланың үстіне әйнек құлап кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
YK-news.kz порталының жазуынша, оқиға Сәтбаев даңғылындағы жылы аялдамада болған. Оны аялдамадан жедел жәрдеммен алып кеткен.
«Жәбірленуші Ана мен бала орталығына жеткізілді. Онда оны мамандар тексерді. Қыз аздап жарақат алған, тері асты гематомасы, яғни көгеру орыны бар. Өзін жақсы сезінеді, ол үйіне босатылды», - деп хабарлады ШҚО денсауық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
12.11.2026, 08:19
«Құлағының бір бөлігін кесіп тастаған»: ШҚО тұрғыны бұрынғы күйеуіне шыққан сот үкіміне наразы