13.12.2024, 20:46
Жаңалықтар
Ұрылар Астананың бас символы Бәйтеректі жарықсыз қалдырды
Сол жағалаудағы бірқатар тұрғын үйде де жарық өшіп қалды
Фото: depositphotos.com
Астананың сол жағалауындағы бірқатар тұрғын үйде жарық өшіп қалды. Сонымен қатар Астананың бас символы Бәйтерек те жарықсыз қалды. «Астана-АЭК» АҚ баспасөз қызметі орын алған жағдайға байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Мекеменің хабарлауынша, 13 желтоқсан күні «Шұбар» қосалқы станциясында 10 кВ ұяшықтар өшірілген. Шектеуде үш тарату пункті бар. Оған кабельдік желіні ұрлау себеп болған.
«4 жедел-көшпелі бригада оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністік танытқандарыңызға алғыс айтамыз», - делінген «Астана-АЭК» АҚ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Көп оқылған
04.11.2026, 17:54
Қуандық пен Сағындық: Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Қозыке әулетінің құпиясын жайып салды (ВИДЕО)
04.11.2026, 16:09
Павлодарда мектеп басшылығы екі оқушы қыздың зорланғаны туралы полицияға хабарлаған
Бүгін, 02:13
Қыздарына барып келе жатқан: ерлі-зайыпты Астана – Петропавл тас жолында жол апатынан қаза тапты
04.11.2026, 15:24
«Полиция формасын хэллоуинге теңеген»: әйел адам әзілдемеймін деп басы дауға қалды (ВИДЕО)
04.11.2026, 16:32
Қайғылы жағдай: Текеліде 11 жастағы қыз баланы экскаватор басып кетті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды