13.12.2024, 21:20
Жаңалықтар
Теміртауда мұз астына түсіп кеткен 6 жасар бала қайтыс болды
Оқиғаның себептері анықталуда
Фото: depositphotos.com
Теміртауда мұз астына түсіп кеткен 6 жасар бала қайтыс болды. Құтқарушылар баланың мәйітін мұз астынан алып шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қарағанды облыстық ТЖД мәліметінше, қайғылы оқиға бүгін, Теміртау қаласында Нұра өзені үстіндегі көпір маңында болған.
«13 желтоқсан күні 112 пультіне Теміртауда ересектердің қарауынсыз қалған баланың мұз астына түсіп кеткені туралы ақпарат түсті. Оқиға орнына ТЖД құтқарушылары дереу жетті. Жедел шаралар барысында құтқару жасағының күшімен 2018 жылы туған баланың денесі судан шығарылды. Оқиғаның себептері анықталуда», - делінген ТЖД хабарламасында.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды