$ 522.49  547.88  5.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шерзат Полаттың отбасына демеушілер үй салуға дайын – облыс әкімі Сұлтанғазиев

Марқұмның отбасы тиісті құжаттарын дайындауы керек

Шерзат Полаттың отбасына демеушілер үй салуға дайын – облыс әкімі Сұлтанғазиев
Фото: видеодан скриншот

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Шерзат Полаттың отбасына үй салып беретін меценаттар бар екенін айтты, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy.

«Әрине, бұл отбасының үй мәселесі, көмек беру мәселесіне қатысты мәлімет бергенмін. Біздің аудан, ауыл әкімдіктері, кейін өзіміздің құрылымдар олармен (Шерзат Полаттың отбасымен) толық байланыста. Тиісті көмегін мемлекеттік емес ұйымдар, меценаттар арқылы көрсеттік. Қазір меценаттар мен демеушілеріміз үй салуға дайын. Егер иелері артынан мақұлдап жатса, жұмысқа кірісуге дайынбыз. Қазір біз оларға ұсындық. Қыс мезгілі кезінде үйдің тиісті құжаттарын дайындап алайық деген», - дейді Сұлтанғазиев.

Осыған дейін облыс әкімі Талғардағы жағдайға байланысты халықты сабырға шақырған болатын.

Еске салсақ, Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовтың үстінен Нұрғанат Ғайыпбаевты жерлеу рәсіміндегі әрекеті үшін қылмыстық іс қозғалған еді.

 

Серіктес жаңалықтары