$ 522.49  547.88  5.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ғылым және жоғары білім министрі жас ғалымдарға 10 пәтер сертификатын табыстады

Министр Президенттің қолдауымен ғылым саласында айтарлықтай өзгерістер болғанына тоқталды

Ғылым және жоғары білім министрі жас ғалымдарға 10 пәтер сертификатын табыстады
Фото: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі

Бүгін ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жас ғалымдарға 10 пәтер сертификатын салтанатты түрде табыстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министр Саясат Нұрбек жас ғалымдармен кездесу барысында ғылым мен инновацияны дамыту – ел дамуының экономикалық бағытының негізгі басымдықтарының бірі екенін айта отырып, Мемлекет басшысының қолдауымен ғылым саласында айтарлықтай өзгерістер болғанына тоқталды.

«Мемлекет басшысы «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Заңға қол қойды. Жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыруға арналған конкурстардың нәтижесінде 1500 жоба іске асырылуда. Жыл сайын әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында 500 қазақстандық ғалым тағылымдамадан өтуде. Алдағы екі жылда жас ғалымдардың зерттеуіне бөлінетін грант саны тағы да көбейеді. Ғылыми кадрларды әлеуметтік қолдау тек бар мамандарды қолдап қана қоймай, ғылыми-техникалық прогреске үлес қосуға дайын жас ғалымдардың жаңа буынын тартуға мүмкіндік береді. Жас ғалымдардың көбеюі өз кезегінде ғылымды дамытуға, зерттеу нәтижелерін коммерцияландыруға және жаңа экономикалық кластерлер құруға ықпал етеді», - деді Саясат Нұрбек.

Серіктес жаңалықтары