$ 516.93  542.52  4.98
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Экс-министр Юрий Ильиннің ұлы «ҚазМұнайГаз» компаниясының төрағасы болды

Оның қандай қызметтерде болғаны белгілі болды

Экс-министр Юрий Ильиннің ұлы «ҚазМұнайГаз» компаниясының төрағасы болды
Фото: «ҚазМұнайГаз»

«ҚазМұнайГаз» компаниясының басқарма төрағасы лауазымына бұрынғы төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің ұлы Игорь Ильин тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Компанияның мәліметінше, осыған дейін Игорь Ильин «Karabatan Utility Solutions» ЖШС басқарма төрағасы қызметін атқарған. Әр жылдары «ОАЭК» АҚ және «Самұрық-Энерго» АҚ, «Қазақ мұнай және газ институтының ғылыми-зерттеу орталығы» ЖШС-да басшылық қызметтерде еңбек етті.

2012 жылы тағылымдамадан кейін Worley Parsons компаниясында еңбек жолын бастады. Компания – инженерлік қызмет, жобалау, өнеркәсіпте инновациялық тәсілдерді енгізу бойынша әлемдік көшбасшы.

Қазақстан-Британ техникалық университетін «автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша бітірді.

Айта кетейік, Юрий Ильин ТЖМ лауазымын 2020-2023 жылдары атқарды.

Серіктес жаңалықтары