$ 522.91  548.85  5.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Полицияның көлігін сырып, дөңгелегін тесіп кетті - Қаржаубай Нұрымов не үшін істі болып жатыр

10 желтоқсан күні Қаржаубай Нұрымовты інісін жерлегеннен кейін полиция қамауға алды

Полицияның көлігін сырып, дөңгелегін тесіп кетті - Қаржаубай Нұрымов не үшін істі болып жатыр
Фото: видеодан скриншот

Марқұм Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовтың ұсталуына қатысты Алматы облысының Полиция департаменті ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Департамент мәліметінше, 10 желтоқсанда Қаржаубай Нұрымов бұзақылық және көлік құралдарының қозғалысына кедергі жасау фактісі бойынша ұсталды.

«Ол қоғамдық орында және полиция қызметкерлеріне қарсы дөрекі сөз сөйледі, оларды пышақпен қорқытты, сонымен қатар басқа біреудің мүлкіне қасақана зақым келтірді, атап айтқанда, көлікті пышақпен сырып, дөңгелекті тесіп тастады. Іс-әрекетке тоқтамай, айналасындағыларға, оның ішінде кәмелетке толмағандарға қауіп төндіре отырып, қоғамдық тәртіп пен айналасындағылардың тыныштығын бұзды. Бұзақылық фактісі бойынша сот оны 15 тәулікке әкімшілік қамауға алуды тағайындады», - дейді Полиция департаменті.

Сонымен қатар, полиция Шерзат Полаттың әкесіне қатысты бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіру фактісі бойынша қылмыстық іс тіркеді.

«10 желтоқсанда Еңбекшіқазақ ауданының Азат ауылында болған құқыққа қарсы іс-қимыл салдарынан автокөлік иесіне материалдық залал келгені анықталды, бұл әкімшілік жауапкершілік шегінен едәуір асып, іс-әрекеттің қылмыстық саралануына әкеп соғады. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында жан-жақты, толық және объективті тергеу жүріп жатыр. Сонымен қатар, жазаны бұлтартпау және заң мен тәртіпті сақтау қағидаттарын басшылыққа ала отырып, полиция құқық бұзушылықтардың барлық фактісін, оларды кім жасағанына қарамастан, елдегі заң мен тәртіпті қамтамасыз етудің негізі болып саналатын бейтарап тергеуге міндетті екенін хабарлаймыз», - дейді облыстық департамент.

Айта кетейік, Қаржаубай Нұрымов 10 желтоқсан күні інісін жерлегеннен кейін полиция қамауға алғаны белгілі болды.

Серіктес жаңалықтары