Жазаны жеңілдету үшін 110 млн теңге: Шымкентте судьяға айып тағылды
Қазір іс сотқа жолданды
Антикор Шымкент қаласында Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясына және басқа да адамдарға қатысты тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ведомство мәліметінше, олар алаяқтық жасағандары және үкім шығарған кезде жазасын жеңілдету үшін сотталушының жұбайын 110 млн теңге мөлшерінде пара беруге итермеледі деп айыпталуда.
Бас прокуратура биыл 5 желтоқсанда қылмыстық істі сотқа жолдады. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының ережелеріне сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
«Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін, әрбір адам кінәсіз болып саналады», - делінген ведомство хабарламасында.