12.12.2024, 01:18
Жаңалықтар
Екібастұзда құбыр жарылып, 10 жасар бала күйіп қалды: полиция қылмыстық іс қозғады
Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады
Фото: depositphotos.com
Екібастұзда «Марунич» ЖК тиесілі жылу желісінде апат болып, ойнап жүрген 10 жасар бала күйіп қалған. Полиция жеке кәсіпкерлікке қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Павлодар облыстық ПД оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
«Абайсызда адам денсаулығына зиян келтіруге әкеп соққан, тұтынушылардың өмірі мен денсаулығы қауіпсіздігінің талаптарына сай келмейтін жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады», – делінген ПД хабарламасында.
Айта кетейік, аталмыш оқиға туралы ақпарат әуелі әлеуметтік желіде жарияланды. Баланың жағдайы ауыр деп бағаланды.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді