$ 507.07  572.53  6.37
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қостанайда жолаушы такси жүргізушісіне пышақпен шабуыл жасады

Сот-медициналық сараптама жүргізушінің мойын аймағында жарақат алғанын анықтады

Қостанайда жолаушы такси жүргізушісіне пышақпен шабуыл жасады
Фото: freepik.com

Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданының соты жолаушының жүргізушіге шабуыл жасап, денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтіру ісін қарады. Бұл оқиға Тобыл кентінде болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, жолаушы Р. Қостанай-Қарабұтақ тас жолында көлік тоқтатып, Лисаков қаласына жетуді көздейді. Жүргізуші Л. оны жеткізіп салуға келіскен.
Сапар барысында Р. көлікте электронды темекі тұтатқан. Жүргізуші бұған тыйым салып, ескерту жасаған кезде, жолаушы ызаланып, пышақпен жүргізушінің мойын аймағына соққы жасаған.

Жүргізушінің күрт тежелуі нәтижесінде Р. көліктің алдыңғы жағына өтіп, шабуылды жалғастыруға тырысқан. Сот-медициналық сараптама жүргізушінің мойын аймағында жарақат алғанын анықтады.

«Сотталушы Р. кінәсін толық мойындады, ал жәбірленуші прокурордың сұраған жазасын қолдады. Прокурор жеңілдететін және ауырлататын жағдайларды ескере отырып, 1 жыл 6 айға бас бостандығын шектеуді және алкоголизмнен мәжбүрлеп емдеуді сұрады. Сот шешімі бойынша, Р.-ға 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Оған пробациялық бақылау белгіленді», - делінген хабарламада.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

 

Серіктес жаңалықтары